Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Сарыбұлақ ауылы № 78 мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Әбілдаева
Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер
Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім,білігін тереңдету,салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу,талдау машықтарын қалыптастыру;
ә) ана тілін ардақтап бағалай білуге,сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;
б) оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу;
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар,түсіндіру, т.б
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, интербелсенді тақта, ватман, стикер, маркер т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, халық ауыз әдебиеті
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбері» жаттығуы
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
- Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
- Тұрмыс-салт жырлары әдебиеттің қай түріне жатады?
- Салт өлеңдерінің ішінде қайсысын көп қолданады?
- Не себепті баланың тұсауын ала жіппен кеседі?
Интербелсенді тақтада слайд арқылы тапсырмалар шығады , оларды орындау үшін оқушыларға уақыт беріледі.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Мақал-мәтелдер жазылған слайдты ашып, оқушыларға оқыту.
Білім- қымбат, білу- қиын.
Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,
Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.
-Балалар,бұл мақалдарды біздің сабағымыздың ұраны етіп алсақ,жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы...
-- Мақал-мәтелдер.
--Дұрыс,балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя мұқият түсініп алыңдар. Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты жұмыстар жүргіземіз.
Мақал-мәтелдер –халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер-өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.
«Сөздің көркі- мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал –мәтелдер сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады
Халық даналығының айнасы
|
Мақал- мәтел |
Халықтың ұрпағына өсиеті |
Асыл сөз қазынасы. |
Өмір сүру ережесі (Жолда жүру,суда жүзу,қауіп. Ереже)
|
Мақал-халықтың өмірден алған тәжірибесінің,ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы,айқын ойды үлгі-өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырылып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана,нақыл сөзі.
Аяқталған сөйлем |
Мақал |
Ой тиянақты, дәлелді |
салыстыру |
Екі бөлімді |
Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанымен,олар бір-біріне туыс болғанмен,екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ,бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз. Оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Яғни киіз қазақтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты. Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Мысалы: «Біреу тойып секіреді,біреуі тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені,Еменнің иілгені –сынғаны» деген мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратынын байқаймыз. Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей,топшалап,болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем түрінде де, сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.
Сөйлем немесе сөз тіркесі |
топшылау |
Мәтел |
Қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ |
Мағына тұспалды |
Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшалайды. Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды.
Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік шаруашылық,рухани өмірін түгел қамтиды.
Сергіту сәті . Мұнда оқушыларға «Қара жорға »биін қосып билетемін.
Топпен жұмыс: Мақалдар мен мәтелдерді ажыратып баған түрінде жазу
1-топ мақалдарды, 2-топ мәтелдерді жазу
Білімді бекіту: Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.
№ |
Мақал-мәтелдер |
Тақырыптары |
1 2 3 4 5 6 7 |
Денсаулық-зор байлық ............. Досы көпті жау алмайды, ............... Ата көрген оқ жонар, ............... Ерді намыс өлтіреді, ........... |
....... өнер-білім ........... Еңбек ........... Ынтымақ,бірлік ..........
|
Білімді бағалау:
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай ? Мысал келтіру
Мақалдағы сөйлемдер құрмалас болса, мәтелдегі сөйлемдер ше ?
Сабақты қорыту . Үйге тапсырма: Әр түрлі тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жаттап келу.