Quantcast
Channel: Мақал-мәтелдер - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 22 articles
Browse latest View live

Қазақша Мақал - Мәтел: Отан

$
0
0
Қазақша Мақал - Мәтел: Отан

Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат
(Қазыбек би).

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КИЕЛІ САНДАРДЫҢ МӘНІН АШУ

$
0
0
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КИЕЛІ САНДАРДЫҢ МӘНІН АШУ
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КИЕЛІ САНДАРДЫҢ МӘНІН АШУ

«№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі. Шиелі кенті. Қызылорда облысы

Мақал – сөздің мәйегі

$
0
0
Мақал – сөздің мәйегі
Дайындаған: Қызылорда облысы
Қазалы қаласы
Максим Горький атындағы №16 орта мектептің кітапханашысы
Мамырбаева Айымсұлу

Тақырыбы: «Мақал – сөздің мәйегі»

Мақал- Мәтелдер: Ас – адамның арқауы

$
0
0
Павлодар облысы, Ақсу ауданы,
Достық селолық округі,
«Спутник» НМ, «Балапан» шағын орталығының
тәрбиешісі: Бейсенова Гульжанат Тулеуовна
Мақал- Мәтелдер: Ас – адамның арқауы

Мақал – мәтелдер: Иманы бардың жинағы бар

$
0
0
Павлодар облысы, Ақсу ауданы,
Достық селолық округі,
Спутник НМ,КММ «Балапан» шағын орталығының
тәрбиешісі: Бейсенова Гульжанат Тулеуовна
Мақал – мәтелдер: Иманы бардың жинағы бар

Мақал- Мәтелдер: « Ас – адамның арқауы»

$
0
0
Павлодар облысы, Ақсу ауданы,
Достық селолық округі,
Спутник НМ, «Балапан» шағын орталығының
тәрбиешісі: Бейсенова Гульжанат Тулеуовна
Мақал- Мәтелдер: « Ас – адамның арқауы»

Мақал – мәтелдер: Иманы бардың жинағы бар

$
0
0
Павлодар облысы, Ақсу ауданы,
Достық селолық округі,
Спутник НМ,КММ «Балапан» шағын орталығының
тәрбиешісі: Бейсенова Гульжанат Тулеуовна
Мақал – мәтелдер: Иманы бардың жинағы бар

Тіл туралы мақал-мәтелдер

$
0
0
Тіл туралы мақал-мәтелдер
Қысқа мерзімді сабақ жоспар
Пәні: қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Тіл туралы мақал-мәтелдер
Мұғалімнің аты: Беркінбай С

Отан, туған жер, атамекен туралы мақал-мәтелдер

$
0
0
Отан, туған жер, атамекен туралы мақал-мәтелдер
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№33 М.Әуезов атындағы орта мектебінің
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
бағдарламасының үшінші деңгейлі сертификатталған
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Асанова Балнура Абдуталиповна

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: қазақ әдебиеті
Сынып: 5 «В»
Сабақтың тақырыбы: Отан, туған жер, атамекен туралы мақал-мәтелдер

Аналар жайлы мақал-мәтелдер

$
0
0
Аналар жайлы мақал-мәтелдер
Аналар жайлы мақал-мәтелдер
Алда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі жақындап келеді. Мереке алдында аяулы аналарымыз туралы айтылған мақал-мәтелдерді топтастыруды жөн көрдік. Ендеше, бағзы заманнан бүгінге дейін мағынасын бұзбай жеткен ата сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

8 наурыз. Қыздар туралы мақал-мәтелдер

$
0
0
8 наурыз. Қыздар туралы мақал-мәтелдер
8 наурыз. Қыздар туралы мақал-мәтелдер

"Қыз қонақ" деп сыйлаған қазақта қызбаланың орны ертеден қадірлі, бағалы болған. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бағзы заманнан айтылып келе жатқан қыздар жайындағы мақал-мәтелдерді ұсынуды жөн көрдік.

Әйелдер туралы мақал-мәтел

$
0
0
Әйелдер туралы мақал-мәтел
Әйелдер туралы мақал-мәтел
Әйелдер жайлы айтылатын әңгіме де, қозғалатын тақырып та көп. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйелдер жайлы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер қаншама. Назарларыңызға бағзы заманнан бүгінге дейін мағынасын бұзбай жеткен ата сөздерін ұсынамыз.
Әйел — үйдің қазығы.

1001 мақал 101 жұмбақ» сайысы

$
0
0
1001 мақал 101 жұмбақ» сайысы
Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы
Аманқарағай селосы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№2 Аманқарағай орта мектебі» ММ
Мектеп кітапханашысы: Бесенова Алтын Аубакировна

Тақырыбы: «1001 мақал 101 жұмбақ» сайысы

Физика пәнін оқытуда мақал - мәтелдерді пайдалану

$
0
0
Физика пәнін оқытуда мақал - мәтелдерді пайдалану
Физика пәнін оқытуда мақал - мәтелдерді пайдалану
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. 1. Халқымыздың салт - дәстүр, әдеп - ғұрып элементтерін физика сабағында қолдану
1. 2. Ұлттық ойындар – физика сабағында
1. 3. Мақал - мәтел – халық даналығының айғағы

Мақал-мәтелдер

$
0
0
Қазақ тілі, 5-сынып
Тақырыбы: Мақал- мәтелдер

Қыз бала жайлы мақал-мәтелдер

$
0
0

 

Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған.

Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған.

 

Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған.

 

Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген.

 

«Қыз - өріс, ұл - қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айырықша көңіл бөлген.

 

Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «қызға қырық үйден тиым» жасайды.

 

 Қыз бала жайлы халқымызда мақал-мәтелдер де жетерлік.

 

Соның бір парасын назарларыңызға ұсынамыз.

 

Бір қыз күйеуге шықса, Қырық қыз түс көреді. Қыз өссе - елдің көркі Гүл өссе жердің көркі.

Қыздың көзі қызылда. Қайтып келген қыз жаман, Қайта шапқан жау жаман.

 

Төркін десе қыз төзбейді.

Тойған қыз төркінін танымас.

Қыз бала үйге жаққан бояу.

 

Қыз бала өкпешіл болса,

Қалың малы көп болар.

 

Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.

Қызды ауылдың қызығы көп. Қызды қымтап ұстаған ұялмайды. Қыз бен жылқы жаудікі.

Күйеу жаман болса қызыңнан. Қыздың ұяты шешеге.

 

Қызды асырап білмеген күң етер, Жібекті түте алмаған жүн етер. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда. Қызың өссе қылықтымен ауыл бол. Қыз қылығымен.

 

Шешесіне қарап қызын ал,

Аяғына қарап асын іш.

 

Қызы бардың назы бар.

 

Қызға қырық үйден тыйым.

 

Қыз күнінде бәрі жақсы, Жаман қатын қайдан шығады.

 

Қыз - өріс, ұл - қоныс.

 

Екі ауылдың арасын жол қосады, Екі елдің арасын қыз қосады.

 

Қыздың жолы жіңішке.

 

Қыздың қырық жаны бар.

 

Судың түбін шым бекітер, Даудың түбін қыз бекітер.

 

Отырған қыз орнын табады. Ақылды қыз білімге жүгірер,

 

Ақылсыз қыз сөзге ілігер. Қырсыққан қыз бай таппас, Қырсыз жігіт мал таппас.

 

Қыз ұзатқанның қызылы қалмас. Жақсы қыз - жағадағы құндыз, Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.

 

Қыз назы қырық кісіні мас қылады Қыздың қабағында құт бар.

 

Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді. Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді.

 

Қызда қырық көліктік бақыт бар. Қыз – қонақ. Қыздың көзі қызылда.

 


massaget.kz

Қазақша Мақал - Мәтел: Алғыс, Ризашылық

$
0
0

Алғыс алған арымас,

Қарғыс алған жарымас.

 

Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді.

 

Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы.

 

Бедеу мінсең бел аласың, Алғыс алсаң көп жасайсың.

 

Бота алғанша — бата ал. Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың.

 

Қағынған қарғыс алар,

Қарасқан алғыс алар.

 

 

Құр алғыс азық болмайды.

 

Сілеу алма, тілеу ал.

Қарғыс алма, алғыс ал.

 

 

Көп дұғасы — көл.

 

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің.

 

Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

Мақал - мәтелдер

$
0
0

Қызылорда облысы,  Қазалы ауданы Сарыбұлақ ауылы № 78 мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Айнұр Әбілдаева

Сабақтың тақырыбыМақал - мәтелдер    

Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім,білігін тереңдету,салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу,талдау машықтарын қалыптастыру;

 ә) ана тілін ардақтап бағалай білуге,сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;

 б) оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу;

Сабақтың түрі:     шығармашылық ізденіс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар,түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, интербелсенді тақта, ватман, стикер, маркер т.б

Пәнаралық байланыс:  тарих,  қазақ тілі, халық ауыз әдебиеті

Сабақтың барысы:    а) Ұйымдастыру кезеңі:

«Шаттық шеңбері»  жаттығуы

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

 Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
  2. Тұрмыс-салт жырлары әдебиеттің қай түріне жатады?
  3. Салт өлеңдерінің ішінде қайсысын көп қолданады?
  4.  Не себепті баланың тұсауын ала жіппен кеседі?

Интербелсенді тақтада слайд арқылы тапсырмалар шығады , оларды орындау үшін оқушыларға  уақыт беріледі.

                                           б) Жаңа сабақты түсіндіру:

   Мақал-мәтелдер жазылған   слайдты ашып, оқушыларға оқыту.

                 Білім- қымбат, білу- қиын.

                 Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,

                 Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.

-Балалар,бұл мақалдарды біздің сабағымыздың ұраны етіп алсақ,жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы...

-- Мақал-мәтелдер.

--Дұрыс,балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя мұқият түсініп алыңдар. Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты жұмыстар жүргіземіз.

           Мақал-мәтелдер –халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер-өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.

        «Сөздің көркі- мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал –мәтелдер сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады

             Халық даналығының айнасы

 

 

 Мақал-    мәтел

Халықтың ұрпағына өсиеті

Асыл сөз қазынасы.

Өмір сүру ережесі

(Жолда жүру,суда жүзу,қауіп. Ереже)

 


   Мақал-халықтың өмірден алған тәжірибесінің,ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы,айқын ойды  үлгі-өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырылып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана,нақыл сөзі.

 

Аяқталған сөйлем

Мақал

Ой   тиянақты,

дәлелді

салыстыру

Екі бөлімді


         Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанымен,олар бір-біріне туыс болғанмен,екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер»  деген  мақалды алсақ,бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз. Оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Яғни киіз қазақтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты. Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы  ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Мысалы: «Біреу тойып секіреді,біреуі тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені,Еменнің иілгені –сынғаны» деген мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратынын байқаймыз. Мәтел мақалға қарағанда ойды  ақырына дейін жеткізбей,топшалап,болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем түрінде де, сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.

Сөйлем немесе сөз тіркесі

                      

топшылау

   Мәтел

Қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ

Мағына тұспалды

 

             Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшалайды. Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды.

 Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік  шаруашылық,рухани өмірін түгел қамтиды.

 

Сергіту сәті  . Мұнда оқушыларға «Қара жорға »биін қосып билетемін.

 

Топпен жұмыс: Мақалдар мен мәтелдерді ажыратып баған түрінде жазу 

             1-топ  мақалдарды,   2-топ  мәтелдерді  жазу

   Білімді бекіту:       Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.

Мақал-мәтелдер

Тақырыптары

1

2

3

4

5

6

7

Денсаулық-зор байлық

.............

Досы көпті жау алмайды,

...............

Ата көрген оқ жонар,

...............

Ерді намыс өлтіреді,

...........

.......

өнер-білім

...........

Еңбек

...........

Ынтымақ,бірлік

..........

 

  Білімді бағалау:

 Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай ?  Мысал келтіру

 Мақалдағы сөйлемдер құрмалас болса, мәтелдегі сөйлемдер ше ?

Сабақты қорыту . Үйге тапсырма:   Әр түрлі тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жаттап келу.

 

Мақал – мәтелдер сайысы

$
0
0

«Мақал мәтелдер сайысы»

Құрметті  оқушылар,ұстаздар!

Бүгін біз ИФМ апталығының алтыншы  күнінде  7 және 9 сыныптар  арасында  «Мақал –мәтелдер сайысы» деген  тақырыппен  сыныптан тыс іс-шарамызды  бастағалы отырмыз. Бастамас бұрын оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Молекула» тренингін өткіземін. Тренинг өткізу арқылы оқушыларды екі топқа бөлемін. Тақырыптын көріп отырғанымыздай кешіміз күнделікті өмірдегі физикаға байланысты мақал –мәтелдерге  арналады.

Физика-мақал мен мәтелде,

Физика тілімен дәлелде!

Физика-жұмбақ пен әзілде,

Физика-ақынның тілінде

Физика-жерімде,көгімде

Осының бәрін сен дәлелде!

-дей  отыра  осы  сайысымыз да жоғарда  айтылған  өлең  жолдарының  бөлімдерімен аталады.

І бөлім «Физика мақал мен мәтелде»

Тапсырма: Оқушылар өздерінің дайындап келген мақал-мәтелдерін  айтып,мағынасын ашып береді.

        Мұғалім: «Тыңдамаса сөз жетім дегендей»  біздің шешен де дана ата-бабаларымыз көптеген мақал-мәтелдер қалдырған екен біз  де солардың бірнешеуін сіздерге түсіндіріп өтейік.

  1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. /энергияның сақталу заңы/
    2. Терек қисайған жағына жығылады. /ішкі энергия/
    3. Жұпарды жасырғанмен исі білінеді. /диффузия құбылысы/
    4. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. /ішкі энергияның өзгеруі/
    5. Ит жүгіріп тазы болмас. / жылдамдық/
    6. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. /Күш/
    7. Таң атпайын десе де, күн қоймайды. /Жердің өз осінен айналуы/
    8. Көктеректің жапырағы, желсіз де сыбдырлайды. /Конвекция/
    9. Қол жұмылмай - жылынбайды. /Жылу берілу/
    10. Ас - адамның арқауы. /Энергия/
    11. «Аузы күйген үрлеп ішеді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық: Жіберген қатенді екінші рет болдырмау керектігін, ал қатеңнен тиесілі қорытынды жасай білуге меңзейтінін, физикалық тұрғыдан – ыстық нәрсені үрлесек содан кебу үрдісі тездетіліп, нәтижесінде оның температурасының төмендейтінін ұсынуға болады. Бұл физикада оқып үйренілген кебу құбылысына әбден үйлесіп жатады.
  2. «Дән себілмей астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық: өмірдегі барлық құбылыстар өзара себеп-салдарлы байланыста болатындығынан болса, физикалық тұрғыдан – астында да, жер бетіндегі судың температурасының артуынан ол буланып (кебу) ал температура төмендегенде су тамшыларының суынып – конденсациялануынан ішкі энергия кемуінен шық пайда болатындығын түсіндіреміз.
  3. «Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады. Күн батқан соң суарған суды жер жұтады» мақалының тәрбиелік мәнін ашамыз: егістіктің таңертең күн шықпай, не күн бата суару керектігі айтылады. Ал физикалық тұрғыдан күн шығып тұрғанда егістікті суарса температураның жоғарылағанынан кебу үрдісі жақсы жүреді. Жер тез кеуіп қалады, ал кеш бата суарғанда температура төмендегендіктен кебу үрдісі баяу жүреді де су толығымен жерге сіңіп үлгереді.
  4. «Отты үрлеген жағады, Шындықты іздеген табады». Отты үрлеген кезде, отқа жаңа таза ауа келеді, от жақсы жанады. Өтірік айтпау керек. Әр уақытта шыншыл, әділ болу керек, әр уақытта шындық жеңеді, шындықты қажымай іздеу керек.
  5. «Теректің жануында мін жоқ, Бірақ жылуында мән жоқ». Терек жақсы жанады, оның меншікті жану жылуы аз болғандықтан тез жанып кетеді де, жылуды аз береді.
  6. 16. «Азықсыз адам алысқа бармайды». Адам әр уақытта энергияны астан алады, егер тамақтанбаса, адамның әл-ауқаты да болмайды, сондықтан күнделікті дұрыс тамақтану қажет.
  7. «Тонның жылуы терісінен емес - жүнінен». Тонды әдетте қойдың, түйенің терісінен илейді, ал жүннің арасында ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамнң жылуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне нашар өткізеді.
  8. «Нан піскенше күлше күйеді». Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, оған соғұрлым аз жылу керек. Таба нан салғанда нан жұқа болса, әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек. (Меншікті жылу сыйымдылығы)
  9. «Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды». Ертеде біздің ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүргенде, киіз үйлерде тұрған, киіз үйдің төбесінде уығы болған, оны киізбен жапқан. Күндіз киізді ашып, жоғары жақтан салқын, таза ауа кіргізгенде, оны түндік деп атаған.
  10. Көсеу ұзын болса, қол күймейді. (Жылу өткізгіштік)
  11. Қол жұмылмай, жылынбайды. (Жылу берілу)

23.Тасты тауға сүйрейді, ал төмен ол өзі құлайды (Үйкеліс күші).
24.Түзу жолда, қисық жүрме (қозғалыс).

   Ескерту:Пән мұғалімі уақытты тиімді пайдалану мақсатында өз қалауынша мақал-мәтелдерді ықшамдап алуы ұсынылады.

 IІ бөлім «Физика тілімен дәлелде!»

Тапсырма:Топшамаларға жазылған тапсырмалар беріледі.Оқушылар физикалық заңдылықтарға сүйене отырып жауап береді.

1.Биология пәнінен сұрақ: Шөпті басып, жапырып кетіп едіңдер, ол қайта көтеріліп кетіпті, неге?
Жауап: Серпімділік құбылысы
2.Сұрақ: Судан шыққанда жануарлар сілкінеді. Олардың судан сілкініп құрғатылуы физиканың қандай заңына негізделген
Жауап: Инерция заңы
3.Сұрақ: Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
Жауап: Өйткені балықтың денесі үйкелісті азайтатын сілекейлі қабықшамен қапталған. Сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады да, балықты қолға ұстап тұру қиын болады
4. Қазақ тілі пәнінен сұрақ: «Басқан жерде із қалар
Айтқан жерде сөз қалар»-деген мақал физикалық тұрғыдан қандай заңға негізделген?
Жауап: Қысым заңдылығы
5.Еңбек пәнінен сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс пен заңдылық қолданылады?
Жауап: Қысым және қатты денелер арасындағы үйкеліс
6.Сұрақ: Адамның шашын, қасын мұртын қырау шалатыны неліктен?
Жауап: Тыныс алғанда шыққан бу суық нәрсемен кездескенде конденсаяцияланады.
7.Математика пәнінен сұрақ: Сорпа ыстық екен, ағаш қасықтарының бар ма, ауыз күймеуге сол жақсы, неге?
Жауап: Ағаш жылуды нашар өткізеді.
8.Сұрақ: Балалар, жазды күні далада серуендеп келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден –гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр.Бұл не құбылыс?
Жауап: Диффузия.
9. Технология пәнінен сұрақ:Саусақ бірікпей, ине бірікпейді
Жауап: Үйкеліс құбылысы
10.Сұрақ: Терлеп, ыстықтап кетіп едім, суу үшін қолымды бетімен желпіп едім, суынып қалдым ғой, неге?
Жауап: Бетімізді желпігенде ауаның қозғалысы терді кептіру процесін жылдамдатады да кебу үшін энергия бет терісінен алынатындықтан, беттің ішкі энергиясы азайып суынады.
ІІІ бөлім «Физика-жұмбақ пен әзілде»

Тапсырма:

1.Таңертең бар кешке жоқ

Мен әдемі моншақпын

Ірі емеспін, ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас

Мендей мөлдір таба алмас. (шық)

2.Түсі бар көрінбейтін

Бір тұтас білінбейтін

Тынысы бар тіршіліктен

Ешқашан жүрмейтін. (ауа)

3.Жай көзге көрінбейді
Қозғалуға ерінбейді (молекула)
4. Жоғарламайды ешқашан
Түрлендірсең егерде
Басқа күйге ауысса
Жұмыс істейді әрқашан (энергия)
5. Өзі затты құрайды
Теңелуге таразыны сұрайды (масса)

Әзіл сұрақтар
Қандай «кулонды» мойынға тағуға болмайды?
Жауабы: Электр зарядының бірлігі - Кулонды
2. Кез – келген адамның ала алмайтын сыйлығы?
Жауабы: Нобель сыйлығы
3. Қандай «Бормен» тақтаға жазуға болмайды?
Жауабы: Оге Бор атом ядросының құрылысы теориясын жасаған ғалым
4. Қандай сақинаны тағуға болмайды?
Жауабы: Ньютон сақинасы
ІІ топ жұмбақтары мен әзіл сұрақтары:
1.Көтерілсе жоғары
Ерітер мұхит мұздарды
Төмен түссе шамалы
Сездірер суық ызғарды (температура)

2.Қозғалысқа келтіріп
Жылдамдығын береді
өлшем бірлігін қарасаң
Ньютонға келеді (күш)
3.Оңынан оқы тіршілік нәрі
Солынан оқы онсыз адам
өсімдік, аң, құс
әп - сәтте сөнер
тұншығып бәрі (ауа)

4.Мүлгіп тұрған бақ тыныш

Ораныпты ақ күміс.  (қырау) 

5.Етек-жеңі жиналмай

Дауыл тұрса дым қалмай

Түйдектеліп көшеді

Тоз-тоз болып өшеді. (бұлт)

  1. Қандай торға қамауға болмайды?
    Жауабы: Дифракциялық торға
    2. Қандай моль киімді жемейді?
    Жауабы: Моль - заттың мөлшерінің бірлігі
    3. Қандай өріске мал жаюға болмайды?
    Жауабы: Электрлік және магниттік өріс

4.Массасы 1кг мақта ауыр ма тұз ауыр ма?

Жауабы:Массалары тең.

ІV  бөлім «Физика-ақынның тілінде»

Тапсырма:Үйден дайындап келген көркемсөздерін оқу

VІІІ  бөлім «Физика-көгімде,жерімде»

Тапсырма:І топ-Жер әлемі,ІІ топ-Аспан әлемі туралы түсініктерін айтып ой толғайды

 «Физика. ..- тек қана техникаға алғашқы қадам емес, сондай-ақ адамзат ойының түкпіріне жол» -деген екен неміс физик-теоретигі,1954 жылы кванттық физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Макс Борн
 Мұғалім.  Бүгінгі сайысымызды  Тұрмағамбет ақынның

Ақыл – тон, алдағанға тозбайтұғын.

Ғылым кен күнде өніп қоздайтұғын

Иелік екеуіне еткендердің

Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын.- деген сөзімен қортындылағым келіп тұр.

 

Ағайын – ел ырысы

$
0
0

 

Ұл тәрбиелей отырып,   халықты тәрбиелейміз,

Қыз тәрбиелей отырып,  ұлт тәрбиелейміз.

 М.Әуезов

 

/Мақал-мәтелдер/

Жинақтаған: Саркулов Т С

Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

***

Ата – баланың қорғаны.

***

Атаға баланың алалығы жоқ.

***

Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

***

Сақау баланың тілін шешесі біледі.

***

Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы.

***

Бала, баланың ісі шала.

***

Балам – балым,

Баланың баласы – жаным.

***

Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі баласын жұмсағым дер.

***

Атаның көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

***

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

***

Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,

Бұршақ жауса, басын қорғар.

***

Жалғыз түйе бақырауық,

Жалғыз бала жылауық.

Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.

***

Бала – ананың бауыр еті.

***

Бала қадірін балалы болғанда білерсің.

***

Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар.

***

Бала – бауыр етің.

***

Балаға пышақ бермесең бір жылар,

Берсең екі жылар.

***

Ат болатын тай саяққа үйір,

Адам болатын бала қонаққа үйір.

***

Ат болатын құлынның,

Бауыры жазық келер.

Адам болар баланың,

Маңдайы жазық келер.

***

Немере етін жеп, сүйегін берер.

***

Сүйгенін шұнағым дейді.

***

Көш жүре түзеледі.

***

Жылы – жылы сөйлесең,

Жылан інінен шығады.

 

***

Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,

Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.

***

Жақсы таз басын жасырмайды,

Жақсы әйел асын жасырмайды.

***

Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.

***

Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.

 

***

Қайғысыз қара суға семіреді.

 

***

Өз жұрттың - күншіл,

Нағашы жұрттың – сыншыл,

Қайың жұрттың міншіл келеді.

 

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

 

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

 

Өз балаңды өскенше бағасың,

Немереңді өлгенше бағасың.

 

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

 

Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,

Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.

 

 

Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.

 

Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол

Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

 

Ағаның үйі – ақ жайлау.

 

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

 

Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,

Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.

Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.

Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

 

Бойымдай бой табылса да,

Ойымдай ой табылмас.

***

Сыйға сый, сыраға бал.

***

Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.

***

Тіріде сыйласпаған,

Өліде жылыспайды.

***

Танымас, танымасын сыйламас.

***

Көңілдегі сырды көз білдіреді.

***

Өз үйім өлең төсегім.

 

 

***

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

***

Үй ішінен жау шықса,

Тұра қашып құтылмассың.

***

Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.

***

«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,

Ағайынға жарасар.

***

Қарындасың – қарлығашың.

***

Ине өткен жерден жіп өтер.

***

Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

 

***

Төркін десе қыз төзбейді,

Көкпек десе түйе төзбейді.

***

Апасының киген тонын сіңлісі де киер.

***

Қазаны басқаның қайғысы басқа.

***

Ата – баланың қорғаны.

***

Атаға баланың алалығы жоқ.

***

Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

 

***

Сақау баланың тілін шешесі біледі.

***

Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы.

***

Бала, баланың ісі шала.

***

Балам – балым,

Баланың баласы – жаным.

***

Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі баласын жұмсағым дер.

***

Атаның көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

***

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

 

***

Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,

Бұршақ жауса, басын қорғар.

***

Жалғыз түйе бақырауық,

Жалғыз бала жылауық.

***

Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.

***

Бала – ананың бауыр еті.

 

 

***

Бала қадірін балалы болғанда білерсің.

 

***

Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар.

***

Бала – бауыр етің.

***

Балаға пышақ бермесең бір жылар,

Берсең екі жылар.

***

Ат болатын тай саяққа үйір,

Адам болатын бала қонаққа үйір.

***

Ат болатын құлынның,

Бауыры жазық келер.

Адам болар баланың,

Маңдайы жазық келер.

***

Отыз ұлым болса да орны басқа.

***

Немере етін жеп, сүйегін берер.

***

Бас екеу болмай,

Мал екеу болмас.

 

***

Сүйгенін шұнағым дейді.

***

Сұлу, сұлу емес,

Сүйген сұлу.

***

Көш жүре түзеледі.

***

Жылы – жылы сөйлесең,

Жылан інінен шығады.

***

Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,

Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.

***

Жақсы таз басын жасырмайды,

Жақсы әйел асын жасырмайды.

***

Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.

***

Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.

***

Қайғысыз қара суға семіреді.

***

Аталастың аты озғанша

Viewing all 22 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>